Өзін-өзі тану пәні бойынша 4-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Түсінік хат

 

Өзін-өзі тану

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен  бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін    пәндерінің     үлгілік             оқу      бағдарламалары     («Ақпараттық-коммуникациялық технология»  пәні бойынша 2018 жылғы 17 қазандағы № 576 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;

 

 

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру.

Бастауыш мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып пәннің негізгі базалық мазмұны төмендегі тарауларға сәйкес келеді: «Ғасырлар даналығы», «Ынтымақты отбасы», «Адам болам десеңіз…», «Әсемдік әлемінде!» 4-сыныпта 25-26 сабақтардың тақырыбы «Табиғаттың жандандыратын күші», 27-28 сабақтардың тақырыбы «Жанды су».

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 1-сыныпта 33 сағат, 2-4 сыныптарда – 34 сағат.

Оқушылардың білімін бағалау. Пән бойынша оқушылардың білім сапасын бағалау 1-4 сыныптар бойынша «Өзін-өзі тану» пәніне арналған оқу бағдарламасында берілген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі.

Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» бағасы қойылады. «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ қоюдың критериі қызметін атқарады. Егер оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптар орындалса, оқушыға «сынақ» қойылады.

Өзін-өзі тану   пәні  бойынша 4-сыныпқа арналған  күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Апталық жүктеме 1 сағат,  жылдық жүктеме 34  сағат.

2019-2020 оқу жылына арналған.

 

Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің

4-сыныбына арналған оқулық/ Ізғұттынова Р.О.,

Оралбекова Ә.Қ., Тәттімбетова Қ.Ж. – «Бөбек»

 ҰҒПББСО, Алматы 2019. – 176 б.

 

Сабақтың тақырыптары Тақырыпты меңгертуге арналған оқу мақсаттары Сағат саны Күні
1-тоқсан  8 сағат
І тарау. ҒАСЫРЛАР ДАНАЛЫҒЫ
1 Адамзат мәдениетінің рухани-адамгершілік

әлемі

Оқулықтағы даналық сөздердің мәнін ұғынып, өмірді тануға талпынады. Оқу материалдарын оқу, зерттеу, қолдану жұмыстарымен айналысады. 1  
2 Адамзат мәдениетінің рухани-адамгершілік

әлемі

Отбасындағы өзара түсіністіктің, өзара сыйластықтың, отбасы дәстүрлерінің мәнін ұғады. Дербестік және жауапкершілік, батылдық пен табандылық сияқты қасиеттерді  жақсы іс-әрекеттері арқылы көрсетеді.

Ар-ұждан ілімі, азамат болу жөнінде білімдерін нығайтады.

1  
3 А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің

іліміндегі өмірдің мақсаты

Түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру, жағдаяттарды шешу, эссе жазу, өлең шығару, сахналық көріністер көрсету арқылы  ой-өрістеріңді шыңдай түседі. 1  
4 А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің

іліміндегі өмірдің мақсаты

Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін жақсылық, қайырымдылық істер арқылы іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік алады. 1  
5 Адам бол! Табиғаттың күші, судың қасиеті, туған жердің әсемдігі, жердің қадірі туралы түсініктерін кеңейтеді. 1  
6 Адам бол! Отбасындағы өзара түсіністіктің, өзара сыйластықтың, отбасы дәстүрлерінің мәнін ұғады. Дербестік және жауапкершілік, батылдық пен табандылық сияқты қасиеттерді  жақсы іс-әрекеттері арқылы көрсетеді.

Ар-ұждан ілімі, азамат болу жөнінде білімдерін нығайтады.

1  
7 Адамның ішкі сұлулығы Түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру, жағдаяттарды шешу, эссе жазу, өлең шығару, сахналық көріністер көрсету арқылы  ой-өрістеріңді шыңдай түседі. 1  
8 Адамның ішкі сұлулығы Отбасындағы өзара түсіністіктің, өзара сыйластықтың, отбасы дәстүрлерінің мәнін ұғады. Дербестік және жауапкершілік, батылдық пен табандылық сияқты қасиеттерді  жақсы іс-әрекеттері арқылы көрсетеді.

Ар-ұждан ілімі, азамат болу жөнінде білімдерін нығайтады.

1  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *