Өзін-өзі тану Мектеп алды даярлық технологиялық картасы

Ересектер тобының ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні___________________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану»әлеміне саяхат

Мақсаты: «Өзін-өзі тану»әлемі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1.Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру;  2.жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту 3.өзара қамқорлыққа,сүйіспеншілікке,татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картасы,түрлі-түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,саяхат,әңгімелеу.

Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

1.Шаттық шеңбері

-Балалар шеңбер неге ұқсайды?

-Доппен ойнасақ көңіл күйіміз көтеріледі. Жүзікті сәндік үшін тағамыз.Алма,қарбыз-өте дәмді дәмді жемістер мен көкөністер.Шеңберге ұқсайтын осыншама заттың қаншама қасиеті бар!Шеңберде тұрудың өз ерекшілігі бар. Ол бізге күн сияқты жылу береді,шеңберде тұрып бір-бірімізге жылы тілектер айталамыз. Сондықтан да бұл шеңбер-Шаттық шеңбері деп аталады.

2.Әңгімелесу

-Балалар, «Өзін-өзі тануә әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты.Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік.

-Балаларды түстер арқылы топтарға бөлу.Әр топ өзіне коверт таңдап алады. Жасырылған конверттің ішінде әдептілікке байланысты суреттер шығады.

— «Өзін-өзі тану»әлемінде біз көп жақсы істерді жасай білуге үйренеді екенбіз.

Сөздік жұмыс: қайырымды, көңілді, қамқор-лық, сүйіспеншілік, тату.

3.Ойын: «Мен де жақсы бала боламын»

Шарты:мазмұнды суреттер арқылы өздерінің де істеген жақсы істері туралы айтып берулері керек.

4.Әңгімелесу

-Балалар, «Өзін-өзі тану»әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты. Ол не деп ойлайсың-дар,көрейік!

-Дәптер арқылы біз көп нәрселерді көріп үйре-неміз.

5.Дәптермен жұмыс

-Дәптерде берілген 1-ші аялдаманы бояйды.

6.Дәйексөз

«Сүйіспеншілік-жүректен»  мағынасын түсінді-ру.

-Жұмсақ ойыншық «жүректі» талдайды.Өз жү-ректері қандай болатынын түсіндіру.

7.Ғажайып сөздердің мағынасын түсіндіру, қай-талау:жақсылық,сүйіспеншілік,қуаныш…

8.Қортындылау

-Бүгін біз саяхатымызды бастадық. Қандай құ-ралдар бізге көмекке келді.? -Өзін-өзі тану біз-дерді неге үйретеді?

 

-қол ұстасып шеңбер құрап тұрады.

-допқа,күнге,айға, алмаға,т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-топтарға бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-дәптер,хрестоматия, карта.

 

 

 

-жұмырдықтарын салыстырады.

 

 

-Сұрақтарға жауап береді.

 

Білу:өзін-өзі тану әлемі туралы түсінік алу.

Игеру:картамен,дәптермен жұмыс жасай алу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні___________________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен қандай баламын»

Мақсаты:балалардың өзіндік «Менің»ұғындыру.Өздерін тануға,өз ерекшіліктерін білуге үйрету.

Міндеттері:1.балалардың өзіндік «Менің»ұғындыру,түсіндіру. 2.өздерін тануға,өз ерекшіліктерін білуге үйрету. 3.Өз бастарын сыйлауға,бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картасы,түрлі-түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұра-жауап.

Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Қ.Ыдырысовтың   «Келші, келші, балашым» өлеңін оқу.

2.Әңгімелеу

-Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?

-Өлеңнен не ұқтыңдар? Қандай жолдары естеріңде қалды?

-Балалар біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?

3.Ойын «Өзімізді мақтайық»

Шарты:өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады.

4.Дәптермен жұмыс

-жүректің суретін салу

5.Әңгімелеу: Ж.Саинның «Кім болам?» өлеңін оқу.

6.Ғажайып сөздер

-Мен жақсы баламын;

-мен ерекше баламын;

-мен өзімді жақсы көремін;

-менің қолымнан бәрі келеді.

7.Қортындылау

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Жақсы адам болу үшін қандай болу керек?

8.Жүректен жүрекке

Үнтаспадан Қ.Ыдырысовтың   «Келші, келші, балашым» әнін қосылып айтады.

 

-тыңдайды.

 

 

-сұрақтарға жауап бере-ді.

 

 

 

-зейін қойып тыңдайды.

 

 

 

-жүректің суретін сала-ды.

 

 

 

 

 

 

-Өткенді естеріне түсіріп,сұрақтарға жауап береді.

 

Білу:ерекше бала қандай болатынын түсіну.

Игеру: әр бала ерекше екені туралы түсінік алу.

Меңгеру:ғажайып сөздерді меңгеріп алу.

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні___________________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Отбасындағы қуаныш»

Мақсаты:сүйіспеншілік,сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1.отбасы сүйіспеншілігі,сыйластығы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2.отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. 3.Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,саяхат,әңгімелеу.

Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:бір-біріне күлкі сыйлайды.

-Картадаға отбасы туралы суретке қарап әңгіме құрайды.

-отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Ә.Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқу.

2.Ойын

Шарты:балалар шеңбер бойымен тұрып,педагог кезек-кезек сұрақ қойып,қолындағы допты лақтырады.

3.Әңгімелеу

Алдын ала әкелінген отбасылық суреттеріне қарап өз сүйіспеншіліктерін білдіреді.

4.Дәптермен жұмыс

Балалар дәптеріне отбасымен бірге түскен суреттерін жапсырады.

5.Дәйексөз: «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» мағынасын түсіндіру.

-Күннің шуағынан қандай керемет қасиеттер пайда болды?

-Күннің жылуы мен ана махаббатының арасында қандай байланыс бар?

6.Өзіммен-өзім:  көздерін жұмып өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтындарын елестету.

7.Қортындылау

-Бүгін біз кімдер жайлы әңгімелестік?

-Отбасы қандай болуы керек?

-Өз отбасымызға не тілейміз?

8.Жүректен жүрекке: микрофонға жақындап отбасыларына тілек айтады.

-күлкі сыйлайды.

 

 

-сұрақтарға жауап береді.

 

-бірге қайталайды.

 

-сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

-Балалардың өз бетінше жұмыстары.

 

 

-Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

-Сұрақтарға жауап береді.

Білу:отбасы туралы түсінік алу.

Игеру: әр бала өз отбасында ерекше жан екенін түсіну.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні_______________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Достық әлемі»

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.

Міндеттері:1.Достар арасындағы сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. 2.Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. 3.Бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: «Дос болайық бәріміз»

2.Әңгімелесу

-Достар,достық туралы әңгімелесу.

-«Досты қалай табу туралы ертегі» оқу

-Сұрақ-жауап арқылы талдау.

3.Ойын «Менің досым»

Шарты:лақтырған допты қағып алып, тәрбие-шінің қойған сұрағына жауап беру керек.

4.Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

5.Дәйексөз: «Дос-бәрінен де қымбат»

6.Дәптермен жұмыс: досыңа сыйлайтын сый-лығыңның суретін сал және сол туралы әңгіме-леп бер.

7.Қортындылау

-Балалар,бүгін біз не түралы білдік?

-«Дос» деген кім?, «Достық» деген не?

-Сендердің ең жақын достарың бар ма?

-Балаларджың жауаптарын бағалау.

8.Жүректен жүрекке: «Дос болайық біріміз» тыңдау.

 

-Бірге айтады.

 

 

-зейін қойып тыңдайды.

 

 

 

 

-қимыл жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

-дәптердегі тапсырма-ны орындайды.

 

-Сұрақтарға жауап беру.

Білу: «Дос», «Достық» туралы түсінік алу.

Игеру: достың қандай болуы керектігін түсіну.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні_____________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Балабақша ауласы»

Мақсаты:балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Міндеттері: 1.үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. 2.балабақшаға деген мақтаныш,құрмет сезімдерін дамыту. 3.Айналасындағы адамдарды жақсы көруге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивация-

лық кезең

 

Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:Е.Өтетілеуұлының «Ізгі сөздер» өлеңін оқу.

Өлең жолдарын талдау.

2.Әңгімелеу:М.Әлімбайдың «Біздің балабақшада» өлеңін оқу.

Өлең жолдарын сұрақ-жауап арқылы талдау:

-Балабақшаға неше жастарыңда келдіңдер?

-Балабақшада қандай мамандар жұмыс атқарады?

-Балабақшаға қай кезде келесіңдер?

-Қай кезде қайтасыңдар?

-Балабақшаға келген кезде алғашқы айтатын сөздерің?

3.Дәптермен жұмыс: «Балабақшамды гүлдендіремін» тақырыбына сурет салу.

4.Сергіту сәті: Е. Өтетілеуұлының «Бала,бала,баламыз» өлең жолдарына қимыл жасау.

5.Дәйексөз: «Сәбиіңмін сенің балабақшам менің»

6.Ғажайып сөздер:-Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш жарық! Сәлеметсіз бе! Рахмет!

7.Қортындылау

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Балабақшада сендерді кімдер қарайды?

-Балабақша туралы тақпақ айтқызу.

8.Жүректен жүрекке

-Қолдарына ойыншық жүректерін алып,балабақшада жұмыс істейтін апайларға жылы лебіздерін айтады.

-Балалар бірге қайталай-ды.

Білу: балабақша туралы түсінік алу.

Игеру: балабақшада жұмыс істейтін маман иелері туралы білу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *