Күнтізбелік тақырыптық жоспар Қазақ әдебиеті 9 сынып Жаңа бағдарлама бойынша

 

Түсінік хат

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына,  «2019-2020 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа, «ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік типтік оқу жоспарларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығы,  «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып құрылды.

  1. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Білім алушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдеби-теориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған.
  2. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.
  3. Теориялық материалдар оқушының қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.
  4. Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар:

1) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;

2) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;

3) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;

4) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.

  1. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
  2. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
  3. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;

2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;

3) көркем шығармадағы образ;

4) шығарма үзінділерімен жұмыс.

  1. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) әдеби шығарманың композициясы;

2) автор бейнесі;

3) көркем шығарманың тілі;

4) шығармашылық жұмыс.

  1. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) тарихи және көркемдік құндылығы;

2) заманауилығы мен жаңашылдығы;

3) әдеби эссе;

4) әдеби сын.

  1. 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны:

1) түсіну және жауап беру:

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау, әдеби шығармадағы психологизм, көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесі, көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

2) анализ және интерпретация:

эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдар, автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі, шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлері, автор стилі, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;

3) бағалау және салыстыру:

шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру, әдеби эссе жазу, әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау, шағын сын мақала жазу.

  1. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

1) Ж. Баласағұн «Құтты білік»;

2) Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері, Әнет баба «Не арсыз Не ғайып Не даусыз»;

3) Төле би «Ердің бақыты –әйел», Әйтеке би «Қасқакөл дауы», Қазыбек би «Кім жақын Не қымбат Не қиын»;

4) Сырым Датұлы «Балаби мен Сырым»;

5) Бұқар жырау «Тілек», «Әй, Абылай, Абылай», «Асқар таудың өлгені»;

6) «Біржан-Сара» айтысы;

7) Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»;

8) Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім» , «Бағаналы терек»;

9) Ш. Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»;

10) І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы;

11) Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаят;

12) Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы;

13) Т. Айбергенов «Сағыныш», Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»;

14) Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы;

15) К. Гамсун «Аштық» романы.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

 

р/с Тақырыбы Оқу мақсаттары Сағат саны Күні
І тоқсан (24 сағат)
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі

 

1 Ислам дәуірі әдебиеті 9.1.2.1 әдебишығармадағы психологизмдіанықтау; 1
2 Ж. Баласағұн «Құттыбілік» 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; 1
3 Ж. Баласағұн «Құттыбілік» 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; 1
4 Шешендік өнер 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану 1
5 Шешендік өнер: Майқы бидің шешендік сөздері 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; 1
6 Шешендік өнер: Мөңке бидің шешендік сөздері 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; 1
7 Әнет баба «Не арсыз Не ғайып Не даусыз»
БЖБ
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау 1
8 Әнет баба «Не арсыз Не ғайып Не даусыз» 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау; 1
9 Төле би «Ердің бақыты –әйел» 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; 1
10 Төле би «Ердің бақыты –әйел» 9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу; 1

2 comments on “Күнтізбелік тақырыптық жоспар Қазақ әдебиеті 9 сынып Жаңа бағдарлама бойынша

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *